Аударыспақтан 2006-2008 жылы туған жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатынан қостанайлық Мұхаммеджан Әріпхан күміс жүлдегер атанды.
Мұхаммеджанның аударыспаққа ден қоя бастағанына бірер жыл ғана болған. Былтыр Көкшетаудағы жарыста жүлдеге таласты. Содан бері бапкері Орал Сейдахметовтің жетекшілігімен ипподромда тынбай жаттығып келеді. Нәтижесінде финалға дейін үш қарасыласын тізе бүктірді. Кызылордалық, ақтөбелік палуандарды таза жеңіп, түркістандық қарсыласын белдесуде жұлып алды. Финалда тағы бір түркістандық палуаннан белдесуде есе жіберді.
“Арғымақ” ипподромында өткен бұл жарысқа еліміздің он жеті өңірінен 160 бала қатысқан болатын.