Тексеріс жалғасуда: лагерьлерде санитарлық талаптар сақталып жатыр ма?

Тексеріс жалғасуда: лагерьлерде санитарлық талаптар сақталып жатыр ма?

Облыстық прокуратура Бас прокурордың тапсырмасына сәйкес балалар лагерьлерінің қызметіне кешенді тексерулер жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Онда балалардың құқықтарының қорғалуы, өртке қарсы қауіпсіздік және санитарлық талаптардың сақталуы тексерілуде.

 

 “Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша балалар лагерлерінде жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер мен тамақ өнімдері, қолданыстағы мәзірдің заңнамаға сәйкес келмеуі, лагерь аумағында балалар үшін жарақат алу қаупі бар аймақтардың болуы анықталды. Кейбір зерттеу нәтижелері ішек таяқшасы бактерияларының бар екені көрсетті. Балалар лагерьлерінің бірінің әкімшілік бөлмесінен спирттік ішімдіктер де табылды”, – делінген хабарламада.

 

Аумағында бильярд үстелі, саунасы және киім ауыстыратын бөлмелері бар лагерьлер де табылды. Прокурорлар тексеруді жалғастыруда, барлық анықталған заң бұзушылық бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Жаңалықтармен бөлісу