Қостанайда төртінші тамыз күні кең ауқымды инвестициялық форум өтеді. Бұл жиынның мән-маңызы туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов пікір білдірді.
– Форумға көптеген кәсіпкерлер шақырылды, оларға Қостанай облысының инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетеміз, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының жаңа инвестициялық жобаларына қол қойып, іске асырыла бастағанын жариялаймыз. Форумда осы жылы іске асырылатын жаңа инвестициялық жобалар жарияланады. Бұл жобалар төрт мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.