Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінген қаржыны  жымқырды дегендердің ісі қашан аяқталады?

Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінген қаржыны жымқырды дегендердің ісі қашан аяқталады?

Қостанайда бұрын әшкереленген қылмыстық топтың былтырдан ет сату бойынша ойдан шығарылған мәмілелер арқылы бюджет қаражатын жымқырған әрекеттеріне қатысты тергеу жалғасуда. Ұрлықтың сомасы 1,6 млрд теңгеден асады.

Еске салайық, ұйымдасқан топты ірі ет өңдеу кәсіпорнының директоры басқарды. Құрамында қарамағындағылар мен  шаруа қожалықтарының басшылары, мал дәрігерлері және  лауазымды тұлғалар бар. Қылмыстық жүйе шаруа қожалықтарының қайта өңдеу зауытына топ мүшелері арасында бөлінген субсидия алған артық салмағы бар өнімдерді жеткізуден тұрды. Қазіргі уақытта ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің  әрекеттеріне қатысы бар 50-ден астам шаруа қожалықтары анықталды.

Бүгінде алаяқтық, ұйымдасқан топ құру және басқару фактілері бойынша он жеті қылмыстық іс тіркелді.

Топ мүшелерінің банк ұяшықтарында және есепшоттарында шетел әрі ұлттық валютадағы жалпы сомасы      3 млн астам АҚШ доллары бар екені анықталды.

Алдын ала тергеу барысында қожалық басшылары кінәсін мойындап, 62 млн теңгеден астам қаржыны өз еркімен мемлекет кірісіне қайтарған.

Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 белсенді мүшесі қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.

 

Жаңалықтармен бөлісу