Колледж – қоғам сұранысына  қажетті маман даярлаудың тұрақты кепілі

Колледж – қоғам сұранысына қажетті маман даярлаудың тұрақты кепілі

Бүгінде ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин атындағы   Рудный әлеуметтік-гуманитарлық  колледжі заман талабына сай білікті мамандар даярлауда. Колледж қоғам сұранысына орай таңдаулы мамандарды даярлауда  үнемі дараланып келеді. Бюджеттік негізде мемлекеттік және орыс тілдерінде  жас түлектерді  оқуға қабылдау жүргізілуде.

9 – сыныптан кейін «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту”, Бағдарламалық қамтамасыз ету түрлері», «Дене тәрбиесі және спорт»  мамандықтары бойынша құжаттарды тапсыру мүмкіндігі бар.

Колледж әр шәкірттің таңдауына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Жас түлекті  өз мамандығының майталманы  әрі мықты маман етіп даярлауға  бар күш-жігерін жұмсап,  қолайлы жағдай жасайды.

Колледжге қабылданған әр түлекті шығармашылыққа баулитын қызықты  студенттік өмір мен уақытылы төленетін ай сайынғы шәкіртақы, тегін тамақтану және сенімді жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерінің оңтайлы шешімдері күтуде.

 

Кәсіптік білімнің қарашаңырағына айналған оқу ордасында білім кеңістігінде биік  белестерді бағындырып келе жатқан 80-нен астам педагогтер еңбек етіп, жылдар бойы бүгінгі сұранысқа сай кәсіпқой мамандарды даярлауда.

Ы.Алтынсарин атындағы

Рудный әлеуметтік-гуманитарлық  колледжі

 

Рудный қаласы Октюбрдің 50 жылдығы көшесі 34

8(714-31)6-57-11

rsgk_ @1940

rsgk_edu.kz

 

Жаңалықтармен бөлісу