1-сыныпқа құжат қабылдау тамызда аяқталады

1-сыныпқа құжат қабылдау тамызда аяқталады

ҚР Білім Министрлігі орта білім комитетінің ақпараты бойынша, бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау              1 тамызда аяқталады. Естеріңізге сала кетейік, азаматтарға ыңғайлы болу үшін балаларды мектепке қабылдау қызметі автоматтандырылған жүйе және egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.

Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының, не білім алушының заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.

Қажетті құжаттар тізімі төмендегідей:

– баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
-026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
– 065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
– көлемі 3х4 екі дана фотосурет.

Бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттар жинау 1 сәуірде басталған еді. Төрт айда 350 453 өтініш түскен. Бірінші сыныпқа қабылданған балалардың 71,2%-ы қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдады. Алдын ала жасалған есеп бойынша, жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 410 мыңнан астам бала барады.

Жаңалықтармен бөлісу