Төтенше жағдайлар министрі Қостанай облысының тұрғындарымен кездеседі

Төтенше жағдайлар министрі Қостанай облысының тұрғындарымен кездеседі

Жақында Төтенше жағдайлар министрі жұмыс сапарымен Қостанай облысында болады. Қостанай қаласының тұрғындарымен жиын өткізіп, кәсіпкерлермен кездеседі. Азаматтарды өтінішімен қабылдайды, брифингке қатысып, журналистердің  сұрақтарына жауап береді деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметінен.

 

Азаматтардың арыз-шағымы, сауалдары «Е-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады.

 

Өтініштерді тіркеу кезінде тақырыпта «2023 жылғы 28 шілдеде халықпен кездесу» хатын көрсете отырып, аты-жөнін, қоятын сұрақтарын және байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірі) жазып қалдыруы қажет.

Жаңалықтармен бөлісу