Азия төрінде көк туымызды желбіретті

Азия төрінде көк туымызды желбіретті

Моңғолия елінің астанасы Ұлан Батыр қаласында өткен Джиу-джитсудан әлем чемпионатында қостанайлық бапкер, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлемнің бірнеше дүркін жеңімпазы Рамазан Құсайынов 94 келіде жеңіс тұғырынан көрінді.

Рамазанның туып-өскен жері қазіргі Абай облысы. Біраз жылдардан бері еңбек жолы Қостанайда жалғастыруда.

Спорттың осы түрінен шәкірт тәрбиелеп келеді. Сонымен қоса, өзі де халыкаралық жарыстарда биіктен төбе көрсетіп жүр. Мәселен, Абу Даби қаласында өткен Джиу-джитсудан әлем чемпионатында да осы жерлесіміз Индонезия өкілін финалда ұтып, қарсылас шақ келтірмеген. Сол жылы Екатеринбург қаласында өткен жарыста төрт бірдей жүлдені олжалаған да осы Рамазан болатын. Оған бұл жолды таңдауына себепші болған әкесі Самат еді.

“Мен ұлымның алысты бағындыратынына сенемін, әлі де алар асуы алда”, – деген болатын осы жеңістерінің бірінде.

Иә, сол ақсақалдың айтқаны күні кеше орындалып отыр.
Осы жарыста тағы бір жерлесіміз Мұрат Бермұхамедовтің де ақтық сынға жетіп, күміс жүлдемен орлағанын айта кету керек.

Жаңалықтармен бөлісу