“Менің әлемім” байқауына табиғатты бейнелеген Айдын Боранбай қатысып отыр. Ол Жанкелдин ауданы, Шеген ауылындағы Аманкелді атындағы жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушысы. 10 жаста.
“Табиғатты аялаған сайын адамның да жаны аяулы болады. Жаны таза, ниеті кіршіксіз жаратылысқа айналады. Демек, жанға шипа, көңілге медеу табар ортамызды неге сақтауға, аялауға тырыспасқа?!” , – дейді ол.