ҚР ІІМ Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінде қысқы оқу кезеңі басталғанын хабарлайды.
Аталған іс-шара аясында әскери бөлімнің офицерлерімен және келісімшарт бойынша қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілермен мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша сабақтар ұйымдастырылды.
Алғашқы сабақты “Орталық” өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары полковник Қуаныш Әзімханұлы Қажыбаев жүргізді.
– Бүгінгі таңда құқықтық тәртіп әскерлеріне жүктелген міндеттерді шешу үшін жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейі бұрынғыдан да маңызды. Бұл міндеттерді кәсіби дайындалған әскери қызметшілерсіз орындау мүмкін емес, – деп атап өтті полковник Қуаныш Әзімханұлы Қажыбаев.
Сонымен қатар, әскери қызметшілермен қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану, әскери мүлікті дұрыс пайдалану, сондай-ақ кез келген міндеттерді орындау барысында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша практикалық сабақтар өткізілді.
Аружан Берікқызы
ҚӨУ студенті