Облыс әкімі: “Тасқынның екінші толқынынан сақтануымыз керек”

Облыс әкімі: “Тасқынның екінші толқынынан сақтануымыз керек”

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақасақаловтың басшылығымен облыстың оңтүстік өңірлерінде су тасқынның екінші толқынына әзірлік шаралары басталып кетті.

Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша облысқа қарасты барлық департаменттің басшылары Арқалықта құрылған жедел штабқа келіп, тасқын судың қаупі сейілгенше тұрақты жұмыс істейтін болады.

«Ұлытау жақтағы қардың әлі көбесі сөгілген жоқ. Біз оны тікұшақ арқылы қауіпті аймақтардағы адамдарды құтқару іс-қимылдары барысында көріп, білдік. Демек, бұл – тасқынның екінші толқыны болады деген сөз. Соған байланысты, сақтық шараларын әбден күшейтуіміз қажет. Қауіпті аймақтағы тұрғындар алдын ала қауіпсіз жерлерге жеткізілсін. Барлық департамент басшылары Арқалық қаласына шоғырланып, төтенше жағдай жойылғанша әрқайсы өз салалары бойынша су тасқынынан зардап шекен халыққа тиісті көмектерін берулері керек», – деді облыс әкімі, жедел штаб төрағасы Құмар Ақсақалов.

Қауіпті аймақтарда су қарқыны бәсеңдегенімен, тасқынның екінші толқыны қандай болатыны беймәлім. Алдағы күндері күн жылып, сынап бағанасы жоғарылай түседі деп болжанып отыр.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ 

Суретті түсірген – Бердіболат Көркембаев

Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу