250 келіден астам есірткі тәркіленді

250 келіден астам есірткі тәркіленді

Қостанайдың “Зодиак” кинотеатрында “Шекер” фильмінің көрсетілімі барысында нашақорлыққа қарсы профилактикалық акция өтті. Кино есірткі таратқаны үшін сотталған жас жігіттің оқиғасын баяндайды және нашақорлық мәселесін көтерген.

Іс-шараны полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі еріктілерінің қолдауымен ұйымдастырды.

Сеанс алдында іс-шараға қатысушылар көрермендерге “Есірткіге жол жоқ” ұранымен футболкалар мен бейсболкалар таратты. Ал фильмнің алдында көрермендерге экранда есірткіге тәуелділіктің салдары туралы ойлануға шақыратын бейне роликтер көрсетілді.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған 300-ден астам акция өтті. Полиция заңсыз айналымнан 257 келі есірткі тәркіледі.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, алдын — алу тек іс-шаралар ғана емес, сонымен қатар жеке мысал.

Кинотеатрдағы акция азаматтарға есірткіге байланысты қауіпті тәуекелдерді еске салудың тағы бір мүмкіндігі болды.

Жаңалықтармен бөлісу