Лисаков қаласындағы №6 жалпы білім беретін мектептің тоғызыншы сынып оқушысы Арина Ленц «Қамқорлыққа алынған құстар» атты әлеуметтік жобасын дамыту үшін 100 000 теңге көлемінде грант иегері атанды.
Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
Биыл алғаш рет түркітілдес елдер арасында болашақ жұмысшы мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Жақсылық жерде қалмайды
Адамға көңіл қымбат. Әсіресе, қариялар үшін көңіл аса қажет. Осыны жақсы түсінетін қостанайлық кәсіпкер Талғат Омаров мереке сайын үлкен кісілердің басын қосып, құрмет көрсетіп тұрады.
Қамыстының екі ауылында су құбыры жаңарады
Қамысты ауданының әкімдігінің жоспарына сәйкес, алдағы жылдары ауыз сумен жабдықтау жүйесін одан әрі жақсартуды көздеп отыр.
Қостанайда синтетикалық есірткіні жасырып кетуші ұсталды
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында Қостанай қаласының көшелерінің бірінде ер адам мен әйелді ұстады.
Жұмбақ жәдігердің құпиясы
Торғай музейлері кешенінде тұрған көне жәдігердің бірі – аласапыран заманның қиын-қыстау кезеңдерінде Алаш қайраткерлері өзара хабар-ошар алмасу үшін пайдаланған құпия белгі. Жұмбағы ашылмай қалған құпия белгінің көлемі тырнақтай ғана, бір жақ беті араб қарпімен әдіптеліп, жіңішке жібектен алқа жіп тағылған.
Жаңа жобаның пайдасы – арзан әрі қолайлы пәтер
Федоров ауданында өткен жылы ауданда пилоттық жоба қолға алынды. Ауылдық елді мекендерде алғаш рет «Отбасы Банк» АҚ-мен бірлескен жоба шеңберінде 24 пәтерлік үйдің құрылысы аяқталды.
2024 жылы 10,6 млн тонна астық теміржол көлігімен тасымалданды
2024 жылы «Қазақстан Темір Жолы»ҰК» АҚ» желісі бойынша астық тасымалдаудың жалпы көлемі 10,6 млн тоннаны құрады. Ішкі тасымалдар 13% артып, 2,5 млн тоннадан асты, ал экспорт 8,1 млн тонна болды деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы миистрлігінің баспасөз қызметі.
Рудныйда қарасора өсіретін фитозертхана жойылды
Рудныйда өз пәтерінде қарасора өсірген ер адамды полиция қызметкерлері прокуратураның көмегімен қолға түсірді. Күдікті жасырын фитозертхана ұстап келген.
Қостанайдағы тарихи ескерткіштер қалпына келтіріле ме?
Әкімдікте өткен жиында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов облыстың мәдени саласында атқарылып жатқан іс-шаралар мен проблемаларға да тоқталды. Қостанай облысы көлемінде 1329 тарихи және мәдени ескерткіш бар.