Диев ауылдық округі облыстағы шаруашылығы өрге домалаған елді мекендердің бірі. Мұнда күні бүгін 1700-ге жуық адам тұрады. Қоскөл, Үшқарасу, Қосағал, Тұрғымбаев тәрізді төрт бөлімшесі бар. Осының бәріне мал бағып, егін өсіріп отырған «Диев агрофирмасы» ЖШС иелік етіп отыр.
Төтенше жағдайларға әзірліктері тексерілді
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, полковник Жәнібек Кәрімбаев пен жою жөніндегі басқарма басшысының орынбасары, полиция полковнигі Марат Нұрғалиев Арқалық қаласының азаматтық қорғау жүйесінде мекемелер мен ұжымдардың төтенше жағдайларға қарсы әзірліктерін тексеру жұмыстарын жүргізді.