Нұрлан Оразбаев «Барыс» хоккей клубының бас директоры болып тағайындалды Маман клубты 2006-2012 және 2013-2015 жылдары да басқарған. Бейресми ақпараттар бойынша, “Барыс” шетелдік легионерлермен келісімшартын бұзуда.
Мемлекет басшысы №23 жаңа өрт сөндіру бөліміне барды
Қасым-Жомарт Тоқаев елордада қысқа мерзімде бой көтерген өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты. Мұндағы өрт сөндірушілер 96 мыңнан астам тұрғыны бар Алматы ауданына қызмет көрсетеді.
Қостанай ауданының жастары тазалық акциясына шықты
Қостанай ауданының жастары «Таза Қазақстан» республикалық кең ауқымды бағдарламасына белсенді қатысып жатыр. Таяуда олар Тобыл қаласының көшелерін тазалауға шықты. Бірлікті іске білек сыбана кіріскен студенттер қауымы қап-қап қоқыс-қалдық жинады.
Қостанайда құтқарушылар аллеясын қайта құру аяқталды
Құтқарушылар күні қарсаңында Қостанайда құтқарушылар аллеясы қайта жөнделді. Бұл ескерткіш бұрыш күнделікті өз өмірлерін басқаларды құтқару үшін тәуекелге салатындарға арналған қоғамдық кеңістіктің маңызды бөлігіне айналды.
Биыл Қостанайда жылыту қазандықтардың дайындығына 2,9 млрд теңге бөлінді
Биылғы жылыту маусымы облыс көлемінде 1 қазаннан басталды. Қыстан аман шығу үшін облыстық әкімдік 18 жобаны қолға алып, жүзеге асырған. Оған 17 млрд теңге қаражат бөлінген. Тозығы жеткен жылу құбырларының 47 пайызы дұрысталған.
Әкемтеатрдың Қостанай облысындағы өнер-сапары аяқталды
Алты күнге межеленген бай бағдарламаның жерлестеріміз үшін рухани қорегі мол тарту болғаны сөзсіз. Танымал әртістер, таңдаулы туындылар Тобыл жұртын таң-тамаша етті. Алатау баурайынан шеру тартып келген сахна мерекесі өңірдің мәдени өміріндегі елеулі оқиға болып есте қалды.
Тәртіп сақшылары бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды
Қостанайлық бес жүз студент полицияның арнайы киімдерін киіп көріп, криминалистің чемоданын ұстау бақытына ие болды.
«Бейімбет оқулары» өтеді
Қостанайда Бейімбет Майлиннің 130 жылдық мерейтойы қарсаңында «Бейімбет оқулары» байқауы өткелі жатыр. Бастаманы «Qazaqstan Construction Holding» ЖШС «QC Read» жобасы аясында қолға алған.