Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында Ботай деген жер бар. Ол маңды ертедегі ата-бабаларымыз алғаш жылқы ұстап, қолға асау үйреткен дала деседі. Биыл Ұлы дала жорығы эстафетасы сол тұстан бастауын алып, Астанаға дейін төрт жүз шақырым қашықтықты шауып өтпек.
Жаңбырдың кедергісі көп
Биыл облыста егін орағы кешеуілдеуі мүмкін. Толассыз жауған жаңбырдан бидай піспей, өсімдік аурулары белең алған. Бүгінге дейін ауруға қарсы 820 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті. Бірақ, оның да нәтижесі мардымсыз дейді мамандар.
Маска режимі енгізіле ме?
Елімізде жаппай маска тағу режимі тек медмекемелердегі медициналық қызметкерлерге ғана арналады. Сонымен қатар медициналық мекемелерге келушілер мен науқастарға да маска тағуға кеңес беріледі.
Зияткерлік мектебінің жоба авторлары жеңімпаз атанды
Білім беру ұйымдарында стартаптар пәні енгізілген. Соған қарамастан стартап жобалары облысымыз үшін әлі де тың сала. Бұл бастаманы көптеген адамдар бизнеспен ғана байланыстырады. Біздің өңірде облыстық қоғамдық даму басқармасы үшінші жыл қатарынан өскелең ұрпақ арасында жобалардың дамуына жол ашып, қолдап келеді. Оның бастапқы капиталына бюджеттен қайтарымсыз қаражат та бөлуде.
«Қарызсыз қоғам» жобасы қалай жүзеге асады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында «AMANAT» партиясы бастаған «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасының маңыздылығын атап өтіп, оны елдің барлық өңірлерінде кеңейтудің қажеттілігін айтты.
Алаяқтар телефон нөмірлері мен SMS-ді қалайша ауыстыра алады?
ІІМ деректері бойынша, 2022 жылдың қараша айынан бастап Қазақстанда 58 миллионға жуық телефон қоңыраулары, оның ішінде жалған нөмірлерден қоңыраулар бұғатталды. Ал осы жылдың алты айында қаскүнемдер өздерінің алаяқтық схемаларының көмегімен «табуды» көздеген380 млн теңге ақшаны шығарумүмкіндігі бұғатталды.
Еліміздің барлық аймақтарында балаларға психологиялық қолдау көрсету орталықтары ашылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық 20 өңірінде балаларға психологиялық қолдау көрсету орталығы жұмыс істей бастады. Басты міндет – балалардың, ата-аналар мен педагогтерге психологиялық және әдістемелік көмек көрсетуді күшейту мақсатында жергілікті деңгейде психологиялық қызметтің бірыңғай жүйесін құру.
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысымен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8-13 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысымен танысты
Аружан жаңа оқу жылына дайын
“Қажсервис” ЖШС нің №55 Әулиекөл жол-пайдалану басқармасы “Мектепке жол” республикалық бағдарламасына белсене қатысып, көп балалы отбасынан шыққан оқушы Аружан Әлмағанбетоваға көмек көрсетті.
Журналистика майталманы, белгілі қаламгер Жұмабек Кенжалиннің ғұмыры әріптестеріне өнеге
Сол кездегі Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультеті еліміздің барлық өңірлерінен келген ұлтымыздың жігіттері мен қыздарын бір шаңырақтың балаларындай бауырластырып жіберген еді. Біз ешкімді де жерге, руға бөлу дегенді мүлдем білмедік. Тек алдымызға қойған арманымыз жүрек қалауымен таңдаған мамандығымызды терең меңгеріп, елімізге адал қызмет ету ғана болатын.