Облыста прокурорлық үйлестіру шараларының арқасында балалардың алимент алу құқығын қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп келеді. Жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарған 175 борышкер әкімшілік жауапкершілік арқалады. 38 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылса, оның төртеуі бас бостандығынан айырылған.
Қостанай облысының ТЖД қызметкерлері “Мектепке жол” акциясына белсене қатысты
Жыл сайын мектеп қарсаңында «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы өтеді. Осыған орай, ТЖД көп балалы қызметкерлерінің отбасыларына ақшалай көмек берілді.
Мешіт ұжымы оқушыларға қамқорлық жасады
Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешіті “Большевичка” тігін фабрикасымен бірігіп, “мектепке жол” акциясы аясында көп балалы отбасыдан тұратын 20 оқушыға құны 360 мың теңгенің мектеп киімін сыйға тартты.
Интернет алаяқтардан сақ болыңыз!
Сізге танысыңыздан қарызға ақша сұрау туралы хабарлама келді ме? Асықпаңыз!! Бұл алаяқтар болуы мүмкін.
Әскерге кімдер шақырылмайды?
Көпшілік көкейіндегі сауалдарға ҚР Қорғаныс министрлігі «Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» РММ бастығы Марат Сейсембаев жауап берді. Құрметті оқырман, сіздің де көкейіңізде жүрген, жалпыға ортақ мәселеңіз, сұрағыңыз болса, бізге жолдаңыз. Whatsapp +7 771 213 7202.
Жасанды интеллект баланың танымдық әл-ауқатын қалай қалыптастырады?
Жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы жағдайында бұл өзгерістердің мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және мәдени әл-ауқатына әсерін терең түсіну қажет.
Терргеу актісі заңсыз деп танылды
2024 жылғы 20 тамызда Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында талап қоюшы жеке кәсіпкер Б.-ның жауапкер “Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы” мемлекеттік мекемесіне топтық жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін арнайы тергеу актісін даулау туралы әкімшілік талабын қанағаттандыру туралы сот шешімі жарияланды.
“Шоқан Уәлихановтың ізімен” атты байқау жарияланды
Сарыкөл аудандық мәдениет және тілдер бөлімі Күнтимес елді мекенін ашық аспан астында музей салудың үздік жобаларына байқау жариялады.
Қостанай ауданында сиыр тиелген жүк көлігі аударылды
Бүгін кешке Қостанай-Мамлют автожолының 26-шақырымында 34 жастағы Volvo жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай кюветке аударылды.
Полиция департаменті оқу жылы қарсаңында тұрғындарға ескерту жариялады
Ата-аналарға жолға жақын жерде балаларына ойнауға тыйым салынатынын бағыттауды тапсырды.