Аманкелді ауданында су тасқынынан зардап шеккен жандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жалғасуда. Аманкелді ауданына қарасты Есір ауылының тұрғындары Мұқанов Сайранбай және Құлахметов Оразхандардың отбасы баспаналы болды.
Ардагер спортшылар марапатталды
Тамыздың әр үшінші жексенбісінде Қазақстан спорт күнін атап өтеді. Бұл шын мәнінде халықтық мереке, өйткені еліміздің әрбір үшінші тұрғыны спортпен айналысады. Осынау спорт күні қарсаңында облысымыздың бірқатар спорт ардагерлері марапатталды.
ETHNO FASHION WEEK: үздік этноүлгідегі киімдер топтамасы
Қостанайда екі күнге жалғасқан ETHNO FASHION WEEK ерекше сән көрсетілімі өтті. Онда елеміздің 15 дизайнері және Қырғызстаннан келген дизайнерлердің қолынан шыққан киімдер таныстырылды.
Мәслихат депутаты ашық дәріс өткізді
Абай заманынан бері қазақ ғаламдық өзгерістерді басынан өткерді. Дей тұрғанмен, Абай шығармаларына өзек болған тақырыптар мәңгілік. Осы тұста Абай шығармашылығы несімен өзекті, несімен өміршең деген сауал барша қауымды толғандырары сөзсіз. Бұл жайлы облыстық мәслихат депутаты Қырмызы Жаңбыршина ұлы дана бабамызға арналған ашық дәрісінде кеңінен тоқталды.
Өнер табыстырған өнегелі отбасы
Отбасы құнылығын дәріптеп, мерейін асыру үшін елімізде он жылдан бері «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өтіп келеді. Оған жанұяның бақытын берік ұстаған түрлі отбасылар қатсуда. 15 мамыр – халықаралық отбасы күні аталмыш байқау басталды. Осы байқауға Меңдіқара ауданынан Тобыл мен Нұржамал Болатовтар отбасы да қатысқан еді.
Қазақстан делегациясы Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық волонтерлер мектебіне қатысады
Қырғыз Республикасының Шу облысында түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында жас волонтерлерге арналған халықаралық мектебіне Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түрікменстан және Өзбекстаннан 100-ге жуық қатысушы жиналды.
Құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Лисаков қаласындағы саяжай от құшағына орнып, өрт сөндірушілер оқиға болған жерден 27 литрлік газ баллонын алып шығарып алған. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.
Ақбөкен етін заңсыз сатқаны үшін сотталды
Арқалық қаласының аумағында бір азамат ақбөкен етін заңсыз сатып келген. Одан ақбөкеннің 5 ұшасы тәркіленіп, осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Облыстық прокуратураның мәліметінше, мемлекетке келтірілген залал 21 млн теңгеден асып отыр.
“Есірткісіз өмір” жас ұрпақ үшін маңызды
Есірткінің зияны туралы көп нәрсе белгілі. Есірткіні насихаттау мен жарнамалауға заңмен тыйым салынады және әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан Олимпиадада ең көп сыйақы беретін бес елдің қатарына кіреді
Париждегі Олимпиада ойындары аяқталды. Олимпиадада медальға ие болғандар Халықаралық олимпиада комитеті тарапынан сыйақы алмаса да өздері намысын қорғаған елдің атынан ақшалай сыйлыққа ие болады.