Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай жылқы зауытына барғанда осылай деді.
Жансая Сейітқалиева – “Салкүрең”
Рудныйдағы “Алтын домбыра” студиясының тағы бір оқушысы “Домбыра-думан” байқауына қатысып отыр. 12 жасар Жансая Бердалықызы балдырған домбырашылардың облыстық сынына халық күйі “Салкүреңді” жолдаған екен. Жас дарынға сәттілік тілеп қойяйық.
Қостанайда жылу желілеріндегі апат айтарлықтай азайған
Осы жылдың алты айындағы дерек бойынша, Қостанай облысындағы төрт жылу-энергетика орталықтарындағы орташа тозу көрсеткіші 67,5% болып тұр (2022 жыл – 69,7 %, 2023 жыл – 68,4 %). 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 43% дейін азайту көзделіп отыр. Облыс әкімдігінде өткен кеңесте осы жөнінде айтылды.
Қостанайлық спортшы ел чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанды
Өскемен қаласында өткен дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасындағы республикалық чемпионаттан жерлестеріміз олжалы оралды. Лаура Кусалина осы жарыста Қазақстан республикасының екі дүркін жеңімпазы атанып отыр.
Меруерт Қайреден – “Ер Тұран”
“Домбыра-думан байқауының үміткері – Меруерт Қайреден Науырзым ауданында туған. Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың 8-сынып оқушысы. Осы интернаттағы “Ыбырай толқындары” ансамблінің мүшесі. Бірнеше халықаралық февтивальдің гран-при және I орын иегері. Меруерт бастауыш сыныптан сурет, театр, домбыра үйірмелеріне қатысып жүріп, домбыраны таңдады. “Қостанай таңы” ұйымдастырған облыстық оқушылар байқауына Әбдімомын Желдібаевтың “Ер Тұран” атты күйін жолдап отыр.
Облыс әкімінде жаңа орынбасар
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкіміммен 9 шілдеден бастап Гүлбарам Мұсағазина Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Даниял Мырзабеков – “Тепең көк”
Даниял Нұрғисатұлы 12 жаста. Рудный қаласындағы “Алтын домбыра” студиясының тәлімденушісі. “Домбыра-думан” байқауына арнап халық күйі “Тепеңкөкті” орындапты. Балдырғанға сәттілік!
Алмас Серікболов – “Әлқисса”
Алмас Құралұлының жасы 12-де. Бірақ өнері өзге үміткерлерден кем түспейтіндей. Рудный қаласындағы “Алтын домбыра” студниясының оқушысы. “Домбыра-думан” байқауына Нұрғисаның “Әлқисса” күйін орындап, жолдап отыр екен. Бірге тыңдап, бағасын беріп көрейік.
Арқалықта су тасқынымен күреске белсене атсалысқандар марапатталды
Биылғы көктемгі су тасқыны кезінде көпшілікке көмектесіп, асқан белсенділік танытқан азаматтар «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен, «Құтқару операцияларнына белсенді қатысқаны үшін», «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгілерімен және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің түрлі мадақтамаларымен марпатталды.
Дүниеге келген сәбиге домбыра сыйлады
Ұлттық домбыра күнінде қарасулық Крюковский әулеті үлкен қуанышқа кенелді. Себебі әулеттің мұрагері дүние есігін ашты. Жеті күй шертілер күні әулеттің сегіз жыл күткен мұрагері Қостанай шаһарында шыр етіп жарық дүниеге келді. Өмірге келген ұл қазақтың әніне бөленіп, күйімен тербелді.