Лисаков қаласының бес айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты. Жыл басынан бері өнеркәсіп саласында 35,9 млрд теңгеге өнім өндірілді. КББ бойынша боксит өндіру көлемі 19,9%-ға өсіп, 2 млн тоннаны құрады. «Өркен» ЖШС Лисаков филиалы бойынша темір кені концентратының өндірісі 2 есеге өсіп, 402,7 мың тоннаға жетті. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 7,4 млрд теңге.
Диас Сламхан – «Айжан қыз»
«Домбыра-думан» байқауына қатысып жатқан жасы кіші дарындардың бірі осы батыр шығар. Диас Ізжанұлының таңдаған күйі – әйгілі Құрманғазының «Айжан қыз» аталатын туындысы. Рудный қаласының намысын қорғағалы тұрған балдырған «Алтын домбыра» студиясынан тәліп алып жүр. Ендеше, бейнематериалына назар сала қарап, зейін қойып тыңдап, лайықты бағасын берейік! https://youtube.com/shorts/i1oik78buvU?feature=share
Қазақстанда жүк көлігі жүргізушілеріне шамамен 100 млн теңге айыппұл салынды
Бұған дейін хабарланғандай, еліміз бойынша Көлік министрлігінің бастамасымен «Назар аударыңыз, ауыр салмақты автокөлік» рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылып, оның барысында ауыр салмақты көліктердің, оның ішінде самосвалдардың қозғалысы бойынша бақылау күшейтілді деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.