Облыс прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстарды жандандыруда.
№14. Аружан Қанатқызы
“Иықтан шашы төгіліп жерге” облыстық фотобайқауының келесі қатысушысы – Аружан Қанатқызы. Ол Қостанай облысының Еңбек ауылында 2007 жылы дүниеге келген. Бұрымдылар арасында жүлдегер атанудан үмітті болып отырған аруға сәттілік тілейміз!
№13. Дария Бақыт
Бұрымдылар байқауында Дария Асхатқызы Бақыт бақ сынап көрмек. Ол 23 жаста. Жанкелдин ауданы Аралбай ауылында туған. Арқалық қаласы Кейкі батыр атындағы №4 мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының түлегі.
Тариф жобасын талқылайды
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті «Костанайский Энерго Центр» ЖШС өтінімі бойынша қызметтерге тариф жобасын талқылау жөнінде жария тыңдау өткізілетінін хабарлайды. “2023 жылғы 24 тамыз сағат 15:00-де Қостанай қаласы, Қорған көшесі, 8 мекенжайында тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытында көрсетілетін қызметтер құнының өсуіне, шекті бағаның саралануына және қызметкерлердің жалақысының өсуіне байланысты […]
Облыс тұрғындарының назарына!
2023 жылғы 16 тамызда сағат 15.00-де Қостанай қаласында “Облыстық сот” аумағында полицияның, өртке қарсы қызметтің және жедел медициналық көмектің кешенді күштерінің өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтауға бағытталған жоспарлы оқу-жаттығулар өткізілетін болады.
Арқалықта жаңа жобалар қолға алынғалы жатыр
Арқалық туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көп жазылды, көрсетілді. Бірі шағын қаланың сәл ғана табысына қуанып, ертеңіне үміт артты. Енді бірі болмашы нәрседен ілік іздеп, жұрттың берекесін алды. Біз мұның соңғысына қосылмаймыз. Өзіміз көзбен көріп, көңілге түйгенді қойын дәптерімізге түртіп алдық.
«Қостанай жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар қайда құжат тапсыра алады?
Қалалар мен аудандардың мекенжайлары бойынша ақпарат:
«Қостанай жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардан өтінімдерді қабылдау басталды
Қостанай облысында жас мамандарға арналған «Қостанай жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды.
Облыстық спартакиада жеңімпаздары марапатталды
Алтынсарин ауданында өткен “Тың-2023” XXXVI облыстық спартакиадасында Қостанай қаласының құрамасы бірінші орынға ие болды. Осыған орай “Мирас” мәдениет үйінде спортшыларды салтанатты түрде құттықтау рәсімі өтті.
Рудный қаласы студенттерінің жаппай улану фактісі бойынша айыптау қолдау тапты
Өткен жылдың 20 сәуірінде Рудный тау-кен технологиялық колледжінде 14 студент тамақтан уланған. Осы факт бойынша прокуратураның қадағалауымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, оның барысында «S-Salta» ЖШС басшысы С.А. Шугубаева қабылданған міндеттемелерді елемей, санитарлық нормалардың бұзылуына жол беріп, жаппай улануға әкеп соқтырғаны анықталды, деп хабарлады облыстық прокуратура өкілдері.