Бүгінгі таңда қалада жалпы құны 1,8 млрд теңгеге жуық инвестжобалар іске асырылуда. Айталық, Лисаковтағы «ConfidentLis» серіктестігі стоматологиялық пункт салуға ниетті.
«Inari» супермаркетінің құрылысы аяқталуға жақын. 2015 жылдан бастап «Алтын Өмір» кәсіпорны («Арай – Холдинг» ЖШС-нің еншілес бөлімшесі) алкоголь өнімдерін өндіруді тоқтатқан болатын. Қазіргі уақытта осы кешенді қалпына келтіру «Азия Алко» серіктестігі инвестор болып келіп жатыр. Зауытты іске қосу алдағы наурыз айына жоспарланған жоспарланып отыр. Жоба құны – 1 млрд теңге.
– Ендігі жерде жалпы құны 31,7 млрд теңге болатын төрт жобаны жүзеге асыру үшін инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сәтті орындалса, бес жүзден астам адамға жұмыс табылғалы тұр. Оның бірі – жылдық қуаттылығы 34 мың тонна кремний карбидін өндіретін зауыт ашу. Жоба құны – 26,4 млрд. Бірақ аталған жоба 2020 жылдан бері сынға ұшырап келе жатыр. Мердігерлермен хабарласқанымызда, зауытты міндетті түрде саламыз деп уәде беріп отыр. Келесісі – ауданы 6,2 мың шаршы метр «Солнечный» супермаркетінің құрылысы. Инвестиция сомасы – 1 млрд теңге, – деді Лисаков қаласының әкімі Абай Ибраев.
Сондай-ақ, шаһарда Челябінің «Оксид» химия зауыты Лисаковта мырыш оксиді және мырыш қорытпаларын құятын зауыт салуды жоспарлап отыр. Оған шамамен 4,2 млрд теңге жұмсалады. Өнеркәсіп қожайындарының қызығушылығы қатты, себебі, олар келер жылы зауыт жұмысын бастап кетсе деп ниеттеніп отыр екен. Жер телімі де дайын. Тек ол араға газ тарту жөнінен мәселе бар. Себебі, зауытқа тәулігіне он мың текше метр көгілдір отын қажет. Абай Ибраев осыған қатысты облыс басшылығының қолдауын сұрап отыр.