10 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алды

10 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алды

Биыл жыл басынан бері 10 488  қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері елімізге 1 млн 117,6 мың  қазақ оралған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысы (56%) Өзбекстаннан, 19,3%-ы Қытайдан, 9,7%-ы Ресейден, 7,8%-ы Моңғолиядан, 4,6%-ы Түрікменстаннан және 2,6%-ы басқа елдерден келген.

Қоныс аударған этникалық қазақтар еліміздің жер-жеріне қоныстанды. Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары сияқты еңбек күші тапшы өңірлер анықталды. Қоныстандыру өңірлерінде 1 925 адамға биылғы жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы берілді. 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1 032 қандас қоныс аударды», – делінген хабарламада.

Жаңалықтармен бөлісу