Ол жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған және 5 млн білім алушыны, сондай-ақ ата-аналар мен жұртшылықты қамтиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
“Біз тәрбие жұмысының рөлін күшейтуге көп көңіл бөлеміз. Сондықтан біз үшін бұл жұмыста ата-аналардың қолдауы өте маңызды. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары жұмысын бастайды. Олардың басты басымдықтары – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы жөніндегі жұмысты күшейту және ата-аналардың оң мәдениетін дамыту. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында білім беру саласына қатысты бірқатар негізгі міндеттерге тоқталды. Атап айтқанда – патриотизмді, қызығушылықты қалыптастыру, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық”, – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Гани Бейсембаев білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде.
Оның айтуынша, “ұлттық тәрбие – елдің болашағы” тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері енгізілуде. 1 қыркүйектен бастап 2023-2025 жылдарға арналған бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру басталады. Ол жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған және 5 млн білім алушыны, сондай-ақ ата-аналар мен жұртшылықты қамтиды. Биыл алғаш рет білім алушыларды тәрбие бағдарламаларында оқыту үшін ішкі істер, төтенше жағдайлар, қорғаныс министрліктерінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері тартылатын болады.
Министр сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салты қағидаттарын қалыптастыру үшін Министрлік спорттың 10 түрі бойынша мектеп және студенттер лигаларын, сондай-ақ қысқы, жазғы гимназияларды, республикалық көп деңгейлі жарыстар мен турнирлерді өткізетінін атап өтті.
“Біз тоғызқұмалақ, асық ату ұлттық спорт түрлерін дамытып жатырмыз. Биыл ғана ұлттық Мектеп лигасы аясында 2 млн-нан астам оқушының қатысуымен 39 жарыс өткізілді, 800 – ге жуық оқушы ХІ қысқы гимназияға қатысты”, – деді министр.