Әлібек Кәдірұлы Ыбырай
Лауазымы: Tілші Жұмыс телефоны: 54-79-68
1971 жылы 10 желтоқсанда Жанкелдин ауданының «Торғай» кеңшарында дүниеге келді.
1979-1989 жылдар аралығында Аманкелді орта мектебінде оқыған. Еңбек жолын 1989 жылы «Арай» комсомол-жастар бригадасының бригадирі болып бастаған. 1992 жылы Арқалық аудандық «Пульс села-Ауыл тынысы» газетінде, 1993 жылы Торғай облыстық телерадио компаниясында жұмыс істеді.
1993-1995 жылдары облыстық «Торғай таңы» газетінде тілші болып еңбек етті. 1995-1997 жылдар аралығында Амантоғай аудандық «Рауан-Заря» газетінде жауапты хатшы қызметін атқарды.
1998-2010 жылдар аралығында Қостанай облыстық телерадио компаниясында тілші, авторлық бағдарламалардың редакторы қызметін атқарды.
2010 жылдан 2012 жылдың қараша айына дейін Қарасу аудандық «Қарасу өңірі» газеті редакциясы» ЖШС директоры – Бас редакторы болды. 2012 жылдан бастап облыстық «Қостанай таңы» газетінде тілші, аға редактор.
2004 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасы жариялаған телехабарлар байқауының лауреаты. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының, облыс әкімі сыйлығының екі мәрте иегері атанған. (2002,2012 жж), ҚР Мәдениет министрлігінің, «Қазақстан» РТРК алғыс хаттарымен марапатталған.
2016 жылы «Қостанай» телеарнасы тағайындаған «Жыл адамы» сыйлығының, М.Сералин атындағы сыйлықтың иегері.
2017 жылғы Қостанай меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері. ҚР Ақпарат саласының үздігі. Қазақстанның Құрметті журналисі. «Жылдар жаңғырығы» кітабының авторы.