Жерлестер жеңіспен оралды

Жерлестер жеңіспен оралды

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңіндегі жеңімпаз атанды.

Талантты оқушылар тамаша нәтижелер көрсетіп, әртүрлі секцияларда жүлделі орындарды иеленді.

Сарбасов Дамир информатика секциясында І орынға ие болып, жеңімпаз атанды!

Қайыржан Әбілмансұр химия секциясында І орынмен лайықты жеңісқа қол жеткізді!

Конкурс Ақтөбе қаласында өтті, және біздің оқушылар өздерінің терең білімдері мен қажырлы еңбектерін дәлелдеп, үлкен жетістіктерге жетті.

Жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Оларға болашақта да үлкен жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу