Бопсалаушылар тобының құрамында 18-20 жас аралығындағы жастар болған.
“Бұзақылар елеусіз себептермен 21 жастағы жергілікті тұрғынды қорқытып, одан 6 млн теңге талап еткен. Олар жәбірленушіні жалға алынған пәтерде ұстап отырған, сондай-ақ қала сыртына алып шығып, ұрып-соғып, күш көрсетіпті”, – дейді облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі басқарма басшысы Серік Байғонов.
Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде бопсалаушылар 1 млн теңге иемденген, сөйте тұра жәбірленушіге қорлық көрсетуді тоқтатпай, ақша талап етуді жалғастыра беріпті. Осыдан соң жапа шеккен азамат полцейлерге арызданған. Осыдан соң ҰҚКБ қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кездінде күдіктілерді қолға түсірді.
“Осы дерек бойынша ҚР ҚК 194-баптың 3-бөлігі (Ірі көлемде ақша бопсалау) және 126-баптың 2-бөлігіне сәйкес (Ұйымдасқан топтың алдын ала келісуі арқылы өзгенің заңсын бас бостандығын шектеу) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр”, – деп толықтырды Серік Байғонов.