Қазақ халқында “Жас келсе – іске” деген керемет тәмсіл бар. Қоғамның қозғаушы күші ретінде еліміздің жастары осы даналық сөздің жарқын үлгісі болуға тиіс. Бұл тұрғыда Тобыл-Торғай өңірінің жастары үнемі алғы саптан табылып келеді. Мәселен, елді әбігерге салып, үлкен шығынға ұшыратқан былтырғы көктемгі су тасқынында әр өлкедегі еріктілердің ақадал қызметі жоғары бағалауға тұрарлық болды. Олар көрінбейтін майданның жауынгерлері іспетті ел мүддесіне қызмет етіп, қалың қауымның ақ алғысына кенеліп жүр. Қостанайлық еріктілер қай бастаманың да басынан табылып, шарапатты істердің ұйытқысы болудан танбай келе жатқанын ел біледі.
Құдай бетін аулақ қылсын, алда-жалда табиғат тосын мінез танытып, жерлестер басына қиындық төніп жатса, жастарымыз бұқараның бейнетін бөлісуге әркез дайын. Жалғыз тілегіміз – ел ауыртпашылықтан аулақ болып, елдегі еріктілер жұмыссыз қалсын!
Байболат Сегізбаев,
волонтер