«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту бойынша «Tomiris» жобасына қатысу үшін өтінімдердің қабылдана басталғаны туралы хабарлайды. Бұл жобаның мақсаты – әйелдердің саяси және басқарушылық шешімдерді қабылдауға қатысуын кеңейту.
Алматы қаласында өтетін 3 күндік оқу бағдарламасына Қазақстанның барлық аймақтарынан қатысушылар іріктелетін болады. Аталған бағдарлама көшбасшылық, гендерлік саясат, көпшіліктің алдында сөз сөйлеу бойынша модульдерді және басқа тақырыптарды қамтиды. Сондай-ақ бағдарлама Қазақстан мен Германияның көрнекті саяси қайраткерлерімен кездесулерді көздейді.
Қызығушылық танытқандар:
1. мына сілтеме бойынша онлайн-нысанды толтыруға тиіс: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdoUt-o447PeMs86szsntvw-cAsIf4Z-2Eo4nFdMlL2PAZ7Hg/viewform 2. хаттың тақырыбында «Tomiris» / Аты-жөні / аймақ» жазып, электрондық поштамен (info@apm.amanatpartiasy.kz) мына құжаттарды жолдау қажет: a) жеке куәлік көшірмесі; b) Youtube платформасында орналастырылған бейне-презентация, тақырыбында қатысушының аты-жөні мен өңірі көрсетілуі тиіс, ұзақтығы 60 секундтан артық емес (60 секундтан асып кеткен бейнероликтер іріктеуге қатыспайды); c) түйіндеме/CV; d) жұмыс орнынан басшының және мәслихат хатшысының, аймақтық партия филиалы басшысының қолы қойылған, еркін нысанда екі ұсыным хат. Бұл жобаға басшы лауазымдарында, ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі бар, әлеуметтік-экономикалық және саяси жобаларды жүзеге асыруға атсалысқан, жоғары кәсіби, іскерлік қасиеттері мен көшбасшылық әлеуеті бар белсенді әйелдер қатыса алады.
Құжаттарды ұсыну мерзімі:
2024 жылғы 1-10 шілде аралығында Астана уақытымен сағат 18.30-ға дейін.
Қосымша ақпарат алу үшін телефон нөмірі: +7 (7172) 70-76-75
219