Тобыл қаласында жас өнерпаздар байқауы ұйымдастырылды

Тобыл қаласында жас өнерпаздар байқауы ұйымдастырылды

Жас әншілердің басын қосқан «Алтын микрофон-2025» халықаралық  байқауының облыстық кезеңі  өтіп, өз мәресіне жетті. Облыстың әр өңірінен келген дарынды өнерпаздар бұған дейін өткен аймақтық іріктеулерде өз өнерін көрсетіп, үздік атанып, облыстық байқауға жолдама алған болатын.

Бұл додада жас әншілер шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеп, нағыз сахна тартысында өз бақтарын сынады. Байқау нәтижесінде үздік деп танылған жеңімпаздар енді халықаралық деңгейде облысымыздың намысын қорғайтын болады.

Байқаудың ашылуында облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Саят Жүсіпов жас өрендерге сәттілік тіледі.

– «Алтын микрофон» – бұл Қостанайдың ғана емес, бүкіл Қазақстанның ортақ қазынасы. Ол – дарындарды танитын, танытатын, қолдайтын және үлкен өнер жолына шығаратын алтын көпір. Жастарға жол ашатын, нағыз таланттарды жарқырата көрсететін бірегей дода Байқаудың бұрынғы жүлдегерлері бүгінде тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де өнерімен танылып жүрген тұлғалар. Олардың қатарында Қостанай өңірінің де дарынды түлектері бар екенін мақтанышпен айтамыз, — деді ол.

Байқау алғашқы жылдары облыстық дейгейде өтсе, уақыт өте келе халықаралық дәрежеге жетті. Осынша жылдың ішінде бағын сынап, үмітін үкілеп келетін жастардың да қатары арта түсуде.

Қазылар алқасының төрайымы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Гүлбану Абдуллина бастаған кәсіби мамандар әділ бағасын берді.

Сонымен облыстық кезеңнің жеңімпаздары:

Кіші топ:
3 орын — Мағжан Шынуар (Федоров ауданы) Бақнұр Батырғали (Тобыл қаласы, Жамбыл ауылы) Сержан Өмірхан (Аманкелді ауданы)
2 орын — Әмина Бертағы (Арқалық қаласы), Мария Заковоратная (Қостанай қаласы)
1 орын — Төре Бақыт (Арқалық қаласы)

Ортаңғы топ:
3 орын — Маргарита Кунщикова (Қостанай қаласы),
Санжар Сарғалдақов (Лисаков қаласы)
Кәусар Баймұрат (Арқалық қаласы).
2 орын — Аяулым Төлеген (Қостанай қаласы), Жасұлан Балахмет (Аманкелді ауданы).
1 орын — Аяулым Жұмаш (Аманкелді ауданы).


Ересектер тобы:
3 орын — Айару Дәулет (Арқалық қаласы), Эмилия Шрейдер (Лисаков қаласы),
Тоқжан Серік (Аманкелді ауданы).
2 орын — Наргиз Төкеш (Қостанай қаласы), Нұрай Қудербекова (Қостанай қаласы).
1 орын — Әбілмансұр Едрес (Тобыл қаласы).


Кәсіби деңгейде:
3 орын — Фариза Әбдуахитова (Рудный қаласы),
Томирис Жаңбыршы (Арқалық қаласы),
Мерей Бергенов (Рудный қаласы).
2 орын — Мәди Мырзабекұлы (Қостанай қаласы).
1 орны — Бағдәулет Ермахан (Лисаков қаласы).

Айтолқын АЙҚАДАМОВА