Қостанай облысының әкімдігі тарапынан су тасқынынан зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілетін болады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Д. С. Джандаев қазіргі таңда Қостанай облысының оңтүстік өңірінде жүр.
Медицина қызметкерлерімен бірлесіп зардап шеккен аумақтардың тұрғындарына шұғыл көмек көрсету бағыты әзірленді. Жедел медициналық көмек қызметтері, стационарлардың қабылдау бөлмелері, алғашқы медициналық-санитарлық көмек тәулік бойы күшейтілген дайындыққа келтірілді.
Су тасқынынан зардап шеккендерге арналған политехникалық колледж жатақханасында орналасқан Арқалық қаласындағы азаматтарды уақытша орналастыру орталығына бару жүзеге асырылды.
Медицина қызметкерлері қажетті медициналық көмек көрсету мақсатында жергілікті жерлерде ересектер мен балаларды тексеруді ұйымдастырды. Медициналық көмек көрсету бойынша жұмыс жалғасып жатыр.