Сырт алаңда сенімді жеңіске жетті

Сырт алаңда сенімді жеңіске жетті

“Тобыл” футбол командасы ел чемпионатында көптен күткен жеңісіне қол жеткізді. Турнир кестесінде оныншы орында тұрған “Жетісу” қақпасына жауапсыз үш гол соқты.

Ойынның екінші минутында осымен екінші матч негізгі құрамда алаңға шыққан портургалиялық Руй Кошта Асранкуловтың тепкен добын қақпаға сырғыта салды.

Осыдан кейін кездесу алма-кезек шабуылдарға ұласты. Алаң иелері талдықорғандықтарда да есеп ашатын сәтті мүмкіндіктер болды. Отыз тоғызыншы минутта қорғаушыдан тура пас алған Ислам Чесноков суырылып алға ұмтылды. Қақпашымен бетпе-бет келер тұстан оны қарсыластардың қорғаушысы қасақана сұлатып салды. Төреші он бір метрлік айып добын белгіледі. Чесноков чемпионаттағы бесінші голын соқты.

Екінші таймның басында екі қорғаушыны алдап өтіп, өзінің біріншіліктегі гол санын алтыға жеткізді. Сөйтіп осы турда жетінші голын енгізген “Ордабасы” ойыншысы Жасур Юхшубаетан кейін мергендер көшінде екінші сатыға жайғасты. Осы орайда “Қайраттың” шабуылшысы Жао Паулоның еншісінде де алты доп бар екенін айта кетейік.

“Тобыл” бұл жеңісінен соң турнир кестесінде бесінші тұр. Өзге командаларға қарағанда қостанайлықтардың екі ойыны кем. Демек, жүлдеге ілінуге әлі де мүмкіндігі бар деген сөз.

Жаңалықтармен бөлісу