Шұға Қоңқабай Аңсағанқызы

 

Лауазымы: Tілші 

Жұмыс телефоны: 54-28-42

1981 жылдың 17 қаңтарында Жанкелдин ауданының Ақкөл (бұрынғы Збан) топырағында дүниеге келген. 

1998 жылы А.Қоңқабаев атындағы орта мектебін бітірген. А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің түлегі. 

2003 жылдан бастап облыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қостанай облысы әйелдер күштері Альянсының үйлестіру кеңесінің мүшесі. 

2007 жылы облыстың бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің грамотасымен, 2011 жылы Қазақстан Журналистер Одағы Қостанай филиалының сыйлығымен марапатталған. 

2011 жылы «Тағдырымыз бірге» жобасы бойынша өткізілген облыстық журналистер байқауының екінші орын иегері. Облыстық полиция департаментінің, облыстық прокуратураның, Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығының, облыстық Дін істері басқармасының Алғыс хаттарымен және сыйлықтарымен марапатталған. М.Сералин атындағы сыйлықтың иегері. Қостанай қаласы №28 мектеп-гимназиясында ашылған «Журналистика» үйірмесінің жетекшісі. Мектепішілік «Ұшқын» газетін шығарып, оқушыларды шығармашылыққа баулуда. Облыстық «Қостанай облысының табысты әйелдері» журналының редакторы.

Тұрмыста. Нұртөре, Айзия, Айзере атты үш баласы бар.