Сенаторлар 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды корреспондент Tengrinews.kz.
“Қаржы және бюджет жөніндегі Комитет” Парламенттің комитеттері мен комиссиялары туралы “Заңның 29-бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып, “2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” Сенат отырысының қарауына енгізеді және Конституцияның 61-бабының 4-тармағына сәйкес Заңның жекелеген баптарын мақұлдамауға және аталған заңдардың жаңа редакциясын ұсына отырып, оны Мәжіліске қайтаруға кеңес береді”, –
деді комитет төрағасы Сұлтанбек Мақежанов.
“Сенаттың Заңның жекелеген баптарын мақұлдамау және жекелеген баптардың жаңа редакциясында заңды қайтару туралы қаулысы дауыс беруге қойылады. Шешім қабылданды. Заң Мәжіліске жіберіледі”, –
деп қорытындылады Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.