Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректері бойынша 2023 жылғы сәуір мен 2024 жылғы 19 қаңтар аралығында өңірде қызылшаның 307 жағдайы тіркелді.
Осы айдың 19 күнінде осы диагноз 88 адамда расталды.
Науқастардың басым бөлігі Қостанай қаласында тіркелен – 190 жағдай. Айта кету керек, ауруға шалдыққандардың негізгі контингенті – 14 жасқа дейінгі балалар, көбінесе 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар.
Ауру көбінесе вакцинацияланбаған адамдар арасында тіркеледі, бұл 74,0% құрайды. Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне баратын 32 бала қызылшамен ауырды, оқушылар арасында 34 жағдай, студенттер арасында 55 жағдай тіркелді.