Назарбаев көшесі бойындағы жол өтпесінде автомобиль қатынасының күрделенуіне байланысты, ПЧСТР көпірінің жанында жедел көшпелі кеңес өткізілді, – деп хабарлайды Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Онда уақытша, үлкен су келгенге дейін бүгін сағат 14-00-ден бастап көпір астындағы қозғалысты ашуға шешім қабылданды.
Жол мамандары көліктерге зақым келтірмеу үшін, қауіпті жол учаскелерін төсеніш таспен бітеп тастайды. Жол жағдайының нашарлығы туралы ескертетін белгілер орнатылуда. Жүргізушілер қозғалыс кезінде мүмкіндігінше мұқият болуы керек. Алдағы өзгерістер туралы хабардар ететін боламыз.