Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Damu Dem» командасы «Идеяны монетизациялау-2025» байқауында екінші орын алып, Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде оқуға 100% грант ұтып алды.
“Бұл байқау Қазақстанның барлық өңірлерінен келген дарынды жастарға мобильді қосымшалар жасау саласындағы өз идеялары мен дағдыларын көрсету үшін бірегей мүмкіндік болды. Қатысушылар аналитикалық ойлау мен креативтіліктің жоғары деңгейін көрсетті, 1С: біріккен платформасында нақты өнімдер жасауға негіз болатын инновациялық жобалар әзірледі”, – деп хабарлайды оқу орынының баспасөз қызметі.
Жеңіске жеткен команда құрамында — Кирилл Хегай, Мирас Тойымбетов, Аян Кайрхан, Расул Махмудов және Арман Омаров бар. Олардың тәлімгерлері — «Эксперт» компаниялар тобының өкілдері Александр Шерцер мен Игорь Бубновтың үлесін атап өткен жөн. Олар жастардың потенциалын ашып, оларды жетістікке жетуге бағыттады.