Қостанайлық саяси қайраткер өмірден озды

Қостанайлық саяси қайраткер өмірден озды

Валерий Вишниченко өмірден озды.

Валерий Георгиевич Вишниченко – белгілі қазақстандық мемлекет және саяси қайраткері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының бастауында тұрып, оны 1998 жылдан 2007 жылға дейін басқарған.

Соңғы төрт жыл бойы Валерий Георгиевич Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылып, IV сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Ол бұл институтты біздің еліміз үшін маңызды және қажетті деп санап, өз еңбектерінің бірін Қостанай облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихына арнады. Бұл кітап Достық үйі мен этномәдени бірлестіктер үшін нағыз бестселлерге айналды.

Валерий Георгиевичтің ҚХА дамуына баға жетпес үлесін қосты. Жұмыс істеген жылдары екінші дәрежелі «Достық» орденімен, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалімен және ҚХА ең маңызды марапаты – Қазақстан халқының бейбітшілігін, бірлігі мен келісімін қамтамасыз етудегі еңбегі үшін «Бірлік» алтын медалімен марапатталған.

Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы Валерий Георгиевичтің отбасына шын жүректен көңіл айтады.

Жаңалықтармен бөлісу