Қостанайдағы NIS оқушылары әдеби-шығармашылық байқауда топ жарды

Қостанайдағы NIS оқушылары әдеби-шығармашылық байқауда топ жарды

Назарбаев зияткерлік мектептері арасында Семейде өткен  әдеби-шығармашылық байқаудан жерлестеріміз жүлделі оралды.

“Менің Әуезовім…” байқауында «Көркем сөз» оқудан 8-сынып оқушылары Әділжан Оразбеков пен Әділбек Жанайым І орынды иеленді.

11-сынып оқушысы Жәнібек Ұзақбай «Әңгіме жазу» бағыты бойынша ІІ орын алды.

Дәл осы бағыт бойынша 11-сынып оқушысы Нұрай Ержан мен 12-сынып оқушысы Айдана Қиақбаеваға «Жас қалам» номинациясы берілді.

«Жазушыға арнау-өлең» бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Асылхан Сақтапбергенге  «Қауырсын қалам» номинациясы берілді.

Байқаудағы басты мақсат – жазушы М.Әуезовтің еңбектерін насихаттап, оқушылардың көркем туындыларды сүйіп оқуға ынталарын арттыру.

Жаңалықтармен бөлісу