Қостанайда Түркі мәдениеті фестивалі өтеді

Қостанайда Түркі мәдениеті фестивалі өтеді

19-20 қыркүйекте Қостанайда «TURKfest.kst.2024» республикалық фестивалі өтеді. Оны облыстық ҚХА ұйымдастырады.
Фестиваль аясында 19 қыркүйекте «Қазақстанның түркі халықтары дамуының ортақ бастаулары мен ерекшеліктері» республикалық конференциясын өткізу жоспарланып отыр.
Спикерлер ретінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (Түркістан қ.), Қазақ ұлттық өнер университетінің (Астана қ.), А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің (Қостанай қ.), Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалының түркітанушы ғалымдары болады. Конференция аясында түркі мемлекеттерінің өңірлік және жаһандық ұйымдардағы, сондай-ақ халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени рөлі айқындалады.
Конференция өтетін мекенжай: Тәуелсіздік көшесі, 85 (бұрынғы облыстық филармония ғимараты), 4 қабат. Басталуы 14.00.
Ал 20 қыркүйекте “Мирас” Мәдениет үйінде “TURKfest.kst.2024” гала-концерт өтеді. Онда арнайы шақырылған қонақтар — республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, «Astana Opera» халықаралық опера академиясының солисі Нематилло Зкруллаев (Астана); велосипедпен елдерді аралайтын Ташкент опера әншісі Хурсанд Шеров; халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы “Вайнах” халықтық шешен-ингуш ансамблі (Астана) өнер көрсетеді.
Сондай-ақ қостанайлық және рудныйлық әртістердің концерті өтеді. Бағдарлама 15.00-де басталады. Кіру тегін.

Жаңалықтармен бөлісу