Бүгін облыстық Мәдениет басқармасына қарасты «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Тіл шебері» байқауы өтті.
Байөау мақсаты – үш тілді қатар меңгерген жастарды анықтау, оларға қолдау көрсету, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау. Байқауға әр өңірден 15 үміткер қатысты. Үш кезеңнен тұратын іс-шарада қатысушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейлерін көрсетіп, түрлі тапсырмалар орындады. Қазылар алқасы қатысушыларды шет тілінде сөздердің дұрыс айтылуы, жауаптардың толық және мазмұнды болуы мен берілген уақытын дұрыс пайдалануын есептей отырып, жеңімпаздарды анықтады.
3-орынды ұзынкөлдік Аяжан Станкина мен Бейімбет Майлин ауданының өкілі Владислав Вакуленко иеленді. 2-орын федровтық Данагүл Жарысова мен рудныйлық Владимир Михайлюкке бұйырды. Ал
1-орынды меңдіқаралық Ақмарал Туретбаева жеңіп алды.