Қостанайда тәртіп сақшылары арасында көпсайыстан турнир өтті

Қостанайда тәртіп сақшылары арасында көпсайыстан турнир өтті

Қостанай облысында ҚР Ішкі істер министрінің кубогына тактикалық көпсайыстан турнир өтті. Оған республиканың түкпір-түкпірінен ІІО арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің 19 командасы қатысты.

Полиция департаментінің оқу-жаттығу орталығының аумағында үш күн бойы қатысушылар топ құрамында түрлі сынақтардан өтті.

Шынайы жағдайларға жақын қылып жасалған тапсырмаларды орындау барысында полицейлер іс-әрекеттің әсерлі үйлесімділігін, дәл атуды, төзімділікті және моральдық психологиялық дайындықты көрсетті.

Әр түрлі қару-жарақты дәл атуда өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті. Сондай-ақ, команда командирлері жарысқа қосымша тартыс қосты.

Әр команда 6 адамнан жасақталды. Басты міндетті шарттардың бірі- команда құрамында бір ару болуы қажет. Қыздар өз күштерін сынап көріп, жекелеген сайыстарда ең үздік атану үшін тартысқа түсті.

Үш күндік жарыстың қорытындысы бойынша үшінші орынды Алматы қаласы ПД командасы иеленді.Турнирдің күміс жүлдесін Қостанай облысы ПД командасы иеленді. Астана қаласының ПД командасы арнайы мақсаттағы бөлімшелер арасында тактикалық көпсайыстан турнирдің чемпионы атанды. Оларға ҚР Ішкі істер министрінің ауыспалы кубогы табысталды.

Жаңалықтармен бөлісу