Ол «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Айтулы шараның өтуіне партия жанындағы «Әйелдер қанаты», облыстық Білім басқармасы, Дене шынықтыру және спорт басқармасы, мұрындық болды. Жарысқа 9 ауданнан 100-ге жуық мектеп оқушылары қатысқан.
Ерекше күтімді қажет ететін балалар арасында ұйымдастырылған байқаудың негізгі мақсаты – балалардың өнерін насихаттау, сол арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеу. «AMANAT» партиясы Қостанай обылстық филиалы төрағасы Алмат Досмұхмедовтің айтуынша, бала құқықтарын қорғау шаралары, сондай-ақ өскелең ұрпақ үшін кедергісіз орта құру – партияның сайлауалды бағдарламасы мен «Кедергісіз келешек» жобасындағы басым бағыттардың бірі .
«Қазіргі уақытта инклюзивті ортадағы өз азаматтарымызға, балаларымызға деген қоғамның көзқарасы түбегейлі өзгерді деуге болады. Президенттің тікелей тапсырмасымен осы бағытта жүйелі жұмыстар қолға алынып жатқанын да жақсы білесіздер. «AMANAT» партиясы да Мемлекет басшысы реформаларының қоғамдық тірегі болып, бұл бағытта ауқымды жұмыс атқаруда. Мәселен, партиямыздың сайлауалды бағдарламасы аясында 2028 жылға дейін әрбір елді мекенде инклюзияны қолдаудың кемінде бір кабинетін ашу көзделген», – деп атап өтті Алмат Досмұхамедов.
Қостанай облысы әйелдер қанатының төрағасы Гүлсара Жаманқұлова жас өрендерге сәттілік тілеп, филиал басшылығымен бірлесіп, әр қатысушыға тәтті сыйлықтар салынған рюкзактар тарту етті.
“Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына мемлекет ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінде ерекше қажеттілігі бар жандарға көрсетілетін түрлі әлеуметтік, психологиялық шаралар аясының ауқымы кеңейіп келеді. Біздің мақсат – мүмкіндігі шектеулі балаларды спорттық ойындарға деген бейімділігін дамытып, денсаулықтарын жақсарту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын жетілдіру және этикалық, эстетикалық тәрбие беру. Сонымен қатар балалардың өздерін қоғамға пайдасы бар адам ретінде сезінуіне жол ашуды міндет көреміз”, – дейді ол.