Полиция департаментінің жедел уәкілдері Қылмысты атқару жүйесі департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, бірнеше жыл бұрын жасалған аса ауыр қылмысты ашты.
2003 жылдың мамырында өз үйінің ауласынан 21 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылады. Сараптама нәтижелері оның тұншықтырып өлтірілгенін көрсетіп береді.
Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталады.
Полиция күдіктілердің бірін анықтағанымен оның кісі өлтіруге қатысқаны туралы дәлелдер жеткіліксіз болады.
20 жыл өтсе де орган қызметкерлері дәлелдемелерді мұқият жинауды, іс материалдарын талдауды тоқтатпаған.
Осы жылдың ақпан айында қосымша іс-шаралар кешенін өткізу барысында полицейлер 44 жастағы күдіктіні ұстады.
Ол 2003 жылдың ақпанында марқұммен танысқанын мойындады.
Алкогольді бірге ішкеннен кейін ол оған жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған. Бас тартқаннан кейін, ер адам оны тұншықтырып өлтірген.
Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.
Облыстық ПД жыл басынан бері өткен жылдардағы 44 қылмыстың ашылғанын атап өтті.