Қазақстанда отандық білім берудің көшбасшыларына арналған жаңа алаң құрылды

Қазақстанда отандық білім берудің көшбасшыларына арналған жаңа алаң құрылды

Қазақстандық білім беруде мектеп басшылары алғаш рет арнайы өздеріне және олардың кәсіби дамуы мен көшбасшылығына арналған  тақырыптық форумда бас қосты. NIS Педагогикалық шеберлік орталығы Астанада төрт жүзден астам директорды біріктірді, алты жүзден астам директор еліміздің барлық өңірлерінен онлайн қосылды. Екі күн бойы олар табысқа жету стратегиясында жеке және командалық басымдықтарды анықтады.

«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» кадрлық резервті дайындау жөніндегі президенттік бағдарламаның алғашқы түлектері халықаралық интенсивтің  негізгі делегаттары атанды. Олардың барлығы Педагогикалық шеберлік орталығында оқуларын аяқтап, мамандыққа жаңа қадам жасауға дайын.

Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев пен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин интенсивтің ашылу салтанатында президенттік кадрлық резервті дайындау бойынша ауқымды бағдарламаның бірегейлігін ерекше атап өтті.

Бағдарлама отандық білім берудің топ-менеджерлеріне арналған ең өзекті және креативті форматтарды қамтиды: «Қалай табысқа жетуге болады?» кейс-сессиялары, эмоционалды құзыреттілі кбойынша креативті практикум, мектептегіT alent-Management бойынша «Мұғалімдерді шабыттандырамыз» форсайт-сессиясы, ата-аналар, оқушылар және мектеп басшыларына арналған ұжымдық дискуссия, «Цифрлық менеджментке арналған құралдар» Digital-сессия және басқалары.

Шетелдік тәжірибелерді «360-мектептің» тең директоры, британдық білім беруді зерттеу қауымдастығы кеңесінің мүшесі Сара Селезнев, Таллин ғылыми мектебінің басшысы, Эстония мұғалімдері одағының төрағасы Мэдис Сомэлар, Сингапурдағы Арбингер институтының қауымдастырылған кеңесшісі Сарас Менон таныстырды.Олардың барлығы жаһандық педагогикадағы стратегиялық және жұмыс алгоритмдері бір екенін және көшбасшылардың негізгі бағдары көп жағдайда ұлттық білім беру жүйесіне емес, көшбасшылардың жеке стандарттарына байланысты екенін растады.

– Интенсивте білікті мектеп директорлары өзінің пайдалы тәжірибесін, сәтті шыққан жобаларын, жемісті жұмыстарын бөлісті,– дейді мектеп жанындағы интернаты бар №2 Кішкене көл орта мектебі директорының оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Арслан Султанов.

«Білім берудегі көшбасшы бағдары» –  Педагогикалық шеберлік орталығының мектеп басшыларының кадр резервін дайындау және мұғалімдер мен мектеп басшыларының біліктілігін арттырудағы ауқымды жұмысының қисынды жалғасы.

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу