Қазақстанда 2,4 млн тоннаға жуық астық бастырылды

Қазақстанда 2,4 млн тоннаға жуық астық бастырылды

Еліміздің барлық өңірлерінде егін жинау жұмыстары жүргізілуде. ҚР Ауыл щаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жаппай егін жинау науқаны шамамен тамыздың үшінші онкүндігінде басталады.
23 тамызда 1,3 млн гектарға жуық дәнді және бұршақты дақылдар жиналды, орташа өнімділігі 18,5 ц/га 2,4 млн тонна астық бастырылды. Көкөніс дақылдары 51,9 мың гектардан жиналды, өнімділігі 248 ц/га 1,3 млн тоннаға жуық жиналды.

 

Жаңалықтармен бөлісу