Полицейге күтуші әйел хабарласып, бір тәуліктен астам уақыт өзі қарайтын зейнеткердің пәтеріне кіре алмай жүргенін айтқан. Пәтердің есігі ішінен құлыптаулы болды. Абырой болғанда, жапа шегуші дер кезінде құтқарылды.
Оқиға орнына аудандық учаскелік полицейі Тимур Доспулов дереу барған. Есікті қағып, ешкім ашпағаннан кейін ол есікті сындырып кіреді. Себебі уақыт оздырмау керек еді.
“Тоққа қосулы плитада қалған табадан пәтер іші көк түтін болды. Учаскелік полицей 81 жастағы әйелді жатын бөлмесінен тапты. Ол әрең демалып жатты. Полицей кейуананы көтеріп алып, пәтерден тысқа шығарып, жедел жәрдем шақырды. Осылайша, қауіптің алдын алды. Зейнеткер бір апта ауруханада жатты”, – делінеді облыстық ПД баспасөз қызметі хабарламасында.
Кейуана 28 жастағы учаскелік полицейге өзін құтқарып қалғаны үшін алғыс айтты.