Қаңғыған иттердің жайы қоғамды алаңдатуда

Қаңғыған иттердің жайы қоғамды алаңдатуда

Жітіқарада  шешуді қажет ететін көптеген мәселелер  бар. Олардың бірі көше кезген қаңғыбас жануарлардың жайы. Соңғы кезде қалада қаңғыбас иттер мен мысықтар көбейіп кетті. Олар көбіне қауіпті келеді. Қаңғыбас жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы қабылданған заңды толық орындау үшін елде әлі де ресурстар жеткіліксіз. “AMANAT” партиясының Жітіқара аудандық филиалында Жітіқара ауданының әкімі Нұржан Өтегеновтің төрағалығымен қаңғыбас жануарларды қорғау туралы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар қаңғыбас жануарларға банк орнатып, сауда орындарында көмек жинауды ұсынды. Бұл қаражат жануарларды зарарсыздандыруға, сондай-ақ арнайы панажайларда ұстауға байланысты мақсаттарға бағытталмақ.

Жеке кәсіпкер Руслан Мамедов өз атынан қаланың сауда нүктелерінде орнатылатын қайырымдылық банктерін ұсынуға көмектесуге ерікті болды. Банктерді орнату мүмкіндігі болмаған жерде, банк шоттары мен QR кодтары көрсетілген ақпараттық парақшалар жапсырылады. Осылайша, қамқор азаматтар кез келген қайырымдылық соманы аудара алады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша аудан әкімі жастар ресурстық орталығына еріктілермен бірлесіп дайындалған парақшаларды басып шығарып, оларды қаланың сауда нүктелеріне, сондай-ақ халық арасында таратуды тапсырды. Ветеринариялық станцияға аптаның соңына дейінгі шығындар мен ит-мысықтарды чиптеу шарттары бойынша есеп жүргізу және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты хабардар ету тапсырылды. Қала әкімдігіне ит иелері арасында жануарларды серуендету және ұстау ережелерін сақтау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі айтылды.

@gazetakm

Жаңалықтармен бөлісу