1 сәуірден бастап тауарларға іліспе жүк құжаттарын рәсімдеу жөнінде міндеттемелер күшіне енетін болады.Жаңа міндеттемелер:
– «Виртуалды қойма» модулін қолдана отырып, мұнай өнімдері, алкоголь, тоңазытқыштар мен мұздатқыштар бойынша;
– «Виртуалды қойма» модулін қолданбай ЕАЭО шеңберінде (барлық тауарлар бойынша) тауарлардың импорты/экспорты кезінде.
Қалған тауарларға іліспе жүк құжаттарын қолдану ерікті негізде жүзеге асырылады.
Тауарларға іліспе жүк құжаттарын рәсімдеуге жататын тауарлардың тізбесі және рәсімдеу қағидалары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен реттеледі.
Тауарларға іліспе жүк құжаттарын рәсімдеу бөлігіндегі бұзушылықтар үшін «Әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 283-1 бабында әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Айта кету қажет:
1. Тауарларға іліспе жүк құжаттарды электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде үш тәсілмен: esf.gov.kz порталында, салық төлеушілердің есепке алу жүйелері арқылы немесе ЭШФ АЖ мобильді қосымшасында рәсімделеді. Барлық көрсетілген әдістерге қол жеткізу тегін.
2. «Виртуалды қойма» модулін қолданбай тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу үшін: рәсімдеу кезінде порталда «Тауар ВҚ емес» таңдауын пайдалану қажет; есепке алу жүйелерін пайдалану кезінде «Тауар идентификаторы» бағанында «1» саны қойылады.
3. Тауарларды «Виртуалды қоймаға» кірісті өшіру үшін (тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу бойынша міндеттемелері жоқ тауарлар бойынша) ЭШФ АЖ порталындағы параметрлерді өзгерту қажет (Параметрлер – ВҚ деректерді қабылдау)
4. Толық пайдаланушы нұсқаулығы «ЭШФ АЖ» бөлімі «ЭШФ АЖ» бойынша құжаттар» қойындысы – «Пайдаланушы нұсқаулығы (жүктеу)» kgd.gov.kz сайтында орналастырылған.
Сілтеме https://www.kgd.gov.kz/ru/content/dokumenty-po-esf-1.
5. Техникалық қолдау қызметі esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық мекенжай бойынша және +7(7172)72-78-72 телефон линиясы бойынша 24/7 режимде жұмыс істейді.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.