Полицейлер тұрғындарды алаяқтықтың жаңа түрінен сақтануға шақырады

Полицейлер тұрғындарды алаяқтықтың жаңа түрінен сақтануға шақырады

Соңғы уақытта қаскүнемдердің WhatsApp мессенджері арқылы қоңырау шалып немесе смс-хабарлама жазып, өздерін медицина қызметкері ретінде таныстырып, тұрғындарды қақпанға түсірмек болғаны туралы деректері тіркеле бастады.

“Сіздерге алаяқтар диспансаризациядан немесе флюорографиядан өтуге ұсыныс жасайды. Өздеріңізге қолайлы уақытты таңдап, жазбаны смс-код арқылы мақұлдауды сұрайды. Мұндағы мақсаттары – сіздің тіркелім жазбаңызға кіру”, – дейді тәртіп сақшылары.

Сондықтан полицейлер қандай жағдай болса да ешкімге кодты айтпауды ескертеді. Өйткені алаяқтар сол арқылы қашықтан сіздің жеке кабинетіңізге кіріп, барлық дербес деректеріңізге қол жеткізіп, сыртыңыздан несие рәсімдеуі мүмкін.

“Бұлар бұрын өздерін банктің қауіпсіздік қызметінің мамандары немесе полицей ретінде таныстырып қоңырау шалған қаскөйлер болуы ықтимал”, – делінеді хабарламада.

Сурет интернеттен алынды

Жаңалықтармен бөлісу